Текст
Құрметті болашақ 1 сынып оқушыларының ата - аналары!
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін 6 жасқа толған балалар да 1 сыныпқа бара алады.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGov.kz порталы арқылы көрсетіледі.
Қандай құжаттар қажет?
1. Ата - ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
2. Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
3. Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
4. Егу паспорты (065/у нысаны)
5. баланың суреті (3*4 өлшемді)
Балаларды мектепке қабылдау ережелері бойынша қосымша ақпаратты 34198 телефоны арқылы алуға болады.