АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ "ОЛЖАБАЙ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА ОЛЖАБАЙ БАТЫРА" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңес отырысының №3 хаттамасы, 16.08.2021

Хаттама № 3

 

Қамқоршылық кеңестің отырысы

«Олжабай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Өткізілген уақыты:             16.08.2021

Өткізілген орны:                  Мектеп

Отырыстың басталуы:      _________________

Отырыстың аяқталуы:     _________________

Отырыстың төрайымы:    Утегенова Зейнегуль

Қатысқандар:                      Мектеп директоры – Назарбекова С.А.

Есентаева С.(Әкімшілік), ИП «Камышев»Жотаева З., Умурзакова Г.(медбике), ИП «Еркін» Амангелді Г., ИП «Утегенов» Утегенова З.,К/Х «Гея»Евфименко М., К/Х «ТАС-С» Тайганов Т., Силам К., К/Х «Береке» Унайбеков Е.

Қатыспағандар:                  -

Шақырылғандар:      Тәрбие ісі орынбасары –Серғазы Жадыра

                                       мектеп директоры - Назарбекова С.А.

Күн тәртібі:

1. Қайырымдылық акцияларын өткізу арқылы бала мен отбасына көмек көрсету.

2. Мектептің материалдық-техникалық базасының жабдықталуы, және оны нығайтудың жолдары мен әдістері.

3. Мектеп оқушыларының жаңа оқу жылына мектеп формасын бекіту.

4. Мектеп оқушыларының тамақпен қамтылуы.

Тыңдалды:

    Ең алдымен Қамқоршылық кеңестің төрайымы Утегенова З. 2021 жылдың 1 сәуірде өткен №2 отырыстың қаулысының орындалуына тоқталды. №2 отырыстың қаулысы бойынша демеушілерді тарту жұмыстары жүргізілуде.

Бірінші сұрақ бойынша мектеп директорының тәрбе ісі орынбасары Серғазы Жадыра тамыз айында өтіп жатқан «Мектепке жол» және «Қамқорлық» акцияларының қорытындысымен таныстырды. Акция барысында ауыл тұрғындары және мектеп мұғалімдері белсене ат салысты. Тұрмысы нашар және көпбалалалы отбасыларға көмек ретінде кеңсе тауарлары мен киім – кешектер берілді.  

Екінші сұрақ бойынша мектеп директоры Назарбекова С.А. мектептің материалдық – техникалық базасының жабдықталуы туралы сөз қозғады. Мектепте биылғы оқу жылында 278 оқушы келеді деп жоспарланған. Заман талабына сай мемлекетіміз техникалық салаға бет бұруда, бірақ дегенмен мектептегі химия, физика кабинеттері зертханалармен жабдықталмаған. Демеушілер тарапынан мұндай кабинеттерді жабдықтау мүмкін емес, себебі олар өте қымбат болады.

Үшінші сұрақ бойынша мектеп директорының орынбасары Серғазы Жадыра қазіргі жағдайға байланысты, карантиндік режимді ескере отырып оқушыларға мектеп формасы ретінде классикалық үлгідегі киімді мектепке киюді ұсынылғандығы туралы айтты. Оған: қыздар үшін: қара немесе қара көк түсті юбка, ашық түсті кеудешелер, ер балаларға: қара немесе қара көк түсті шалбар, ашық түсті жейделер.  Қамқоршылық кеңесінің мүшелері бірауыздан бұл ұсынысты қолдады.

Төртінші сұрақ бойынша мектеп директорының орынбасары Серғазы Жадыра тегін ыстық тамақпен қамтылу үшін қажетті құжаттарды атап өтті. Сондай – ақ 1 сыныптар тегін тамақтанатыны туралы да айтылды.

Қаулы:

  1. Жоспарға сай акциялардың өтілуін жалғастыру.
  2. Материалдық – техникалық базаны нығайту мақсатында АББ ұсыныстар жіберу.
  3. Мектеп формасының үлгісі бойынша ата – аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
  4. Бастауыш сынып оқушыларын ыстық тегін тамақпен қамтамасыз ету үшін демеушілерді тарту жұмыстарын жүргізу.

Төрайымы                           Утегенова З.

Жаңартылған күні: 16.02.2022 18:01
Құрылған күні: 16.02.2022 18:03

Текст