Бейімділігіңізді ескеріңіз
Дұрыс шешім қабылдауға тырысыңыз
Бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың кеңесіне құлақ асыңыз. Бірақ бұл – тек сіздің тағдырыңыз екенің естен шығармаңыз.
Мамандық таңдауда өзіңіздің физикалық ерекшеліктеріңізді, кемшіліктеріңізді ескеріңіз.
Денсаулық жағдайларына байланысты тыйым салынған мамандықтар болуы мүмкін. Мұндай мамандықтар көп емес, оларға негізінде қандай да бір физиологиялық жүйеге ұзақ ауыртпалықты талап ететін мамандықтар жатады. Компьютер мамандары көздеріне, ал ұшқыштар – жүректеріне ауыртпалық түсіреді.
Мамандық таңдағанда оның болашағын да ескергеніңіз жөн. Себебі, технология тез дамып келе жатыр, соның салдарынан бүгін керек мамандық ертең қажетсіз болып та қалуы мүмкін. Сол себепті болашағы бар саланы таңдауға кеңес береміз.