«Олжабай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Қыркүйек айында өткізілге іс-шаралар есебі
1.1 Ол жабай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде оқу жылының басталуына орай алғашқы қоңырау мерекелік салтанатты жиыны болып өтті. Алғашқы қоңырау мерекесі 1-сынып бүлдіршіндері мен 11-сынып оқушыларын салтанатты түрде ортаға шақырумен басталды. Мерекелік іс шараны мектеп директоры Назарбекова Сауле Ануарбековна мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды құттықтау сөзімен бастады.Үш тұғырлы тіл саясатын іске асыру мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін дамытуға баса мән берілетіндігіне тоқталды. Сондай-ақ, 1- қыркүйек -Білім күні мерекесімен оқушылар мен мектеп ұжымын құттықтап ата-аналар сөз сөйледі. Салтанатты жиын оқушылардың мерекелік сазды бағдарламасымен жалғасты.
https://www.instagram.com/p/Ch9EfrFta0W/?igshid=NDRkN2NkYzU=
Қоңыраудан соң барлық сынып оқушылары өз оқу кабинеттерімен танысып, «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты алғашқы білім күні сабағына қатысты.
https://www.instagram.com/p/Ch9uqxhtXGF/?igshid=NDRkN2NkYzU=
https://www.instagram.com/p/Ch-AucYN7_b/?igshid=NDRkN2NkYzU=
1.2 Жол жүру ережесі
Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/p/Ci0C5VMtQEb/?igshid=YmMyMTA2M2Y
« 1- Сыныппен жол жүру ережесі» туралы мәліметтер айтылды.
Тренингтар жүргізілді.
1.4 «Тіл кемел болашақтың тұғыры» атты тілдер апталағының жоспары бекітілді.
https://www.instagram.com/p/CiHoq2PN0C9/?igshid=NDRkN2NkYzU=
Тіл – ұлттың жаны, рухы , оның бет-бейнесі, өткені мен бүгіні және болашағы. Ғұлама ғалым А. Байтұрсынұлы: « Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», - деп тілдің ұлт үшін қандай маңызды екенін бір-ақ ауыз сөзге сыйдырған. Әлемде жаулап алушы елдердің озбырлығынан, үстемдігінен қаншама тіл жоғалып кетсе, қаншама тіл жоғалудың аз-ақ алдында тұрғаны мәлім. Сондықтан қазіргі жаhандану дәуірінде аз ұлттар ұлыстар өз тілдерін қорғап қалуға барынша күш салуда. Қазақстан Республикасы қазақ тілінің ғана емес, қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілінің дамуына барынша жағдай жасап отыр. Осы орайда жылда дәстүрлі мерекеге айналған Қазақстан халқы тілдері күні мектебімізде 05-16 қыркүйек аралығында « Тіл – кемел болашақтың тұғыры » атты тақырыбында ұйымдастырылды. Қазақстан халқының зияларының айтылу және тарихи даталарын ескеру онкүндік мақсаты болды. Тілдер онкүндігі аясында мектебімізде жоспар бойынша барлық іс-шаралар жүргізілді. Олардың қатарында конкурстар, викториналар, сайыстар, көрмелер, ән байқауы, және презентация сияқты іс-шаралар. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайданалатын жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар : қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаhандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі », - деген болатын. Әсіресе , өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндетті тұр. Осы сөздерді негізге ала отырып тілдер онкүндігін қазақ тілі, орыс тілі, және ағылшын тілдеріне арнадық. Мерекелік іс-шараларға мектеп оқушылары жылдағыдай өтте белсенді әрі қызығушылықпен қатысты.
«Тіл – кемел болашақтың тұғыры » атты мерекелік онкүндіктің ашылуы инстаграм әлеуметтік желісі арқылы (@ olzabaiom) қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде оқушылар құттықтау жолдап, жоспармен таныстырды.
1.5 Ұлтымыздың ұлы ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлына 150 жыл
Мақсаты: Тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
"A. Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Қазақстан халқы" тілдері күніне арналған 5-11 сыныптарының бейнеқұттықтаулары.
https://www.instagram.com/reel/CiHp6A_Md3w/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/reel/CiHuqicNqAq/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/reel/CiKMsHmsrx_/?igshid=MDJmNzVkMjY=
"Олжабай батыр ауылының ЖОББМ"
КММ-нің мектеп кітапханасы
05 қыркүйек-Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай
"Ұлылардың ұлы ұстазы" тақырыбына кітап көрмесін ұйымдастырды.
Кітапханашы: Балкенова Дина
https://www.instagram.com/p/CiH1usINS5h/?igshid=MDJmNzVkMjY=
А.Байтұрсынұлының 150- жылдық мерейтойына орай, өмірі мен шығармашылығы туралы сынып сағаттары өтті.
https://www.instagram.com/reel/CiKMsHmsrx_/?igshid=MDJmNzVkMjY=
А.Байтұрсынұлының 150- жылдық мерейтойына орай, «Ұлыстың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы» атты диктант жазу байқауы өтті.
https://www.instagram.com/p/CiH8PHhNwtI/?igshid=MDJmNzVkMjY=
1.6 2022-2023 оқу жылындағы
01 тамыз – 30 қыркүйек аралығында жүргізілген
«Мектепке жол» акциясының қорытындысы
Акция аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясы өткізілді.
Биылғы жылы акция әлеуметтік бағыттағы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» атты ұранмен өтті.
Тамыз айының басынан бастап, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасындағы балаларды анықтау бойынша сынып жетекшілер әлеуметтік жағдайын тексеру үшін рейд өткізілді. Рейд барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар анықталды.
Жаны жомарт, Ауыл тұрғындары Оразов А ерікті түрде өз көмектерін көрсетіп, көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына мейлінше көмек қолын созды. 2 сынып оқушысын мектеп формасымен киіндерді. Сонымен қатар мектеп әкімшілігі 2 оқушыға оқу-құралдарымен сөмке берді. «Көп түкірсе ,көл демекші» анықталған отбасылардың баларына барынша көмектер көрсетілді.
Балалардың тамыз есебі алынып, деректер негізінде жоспар құрылды. Мүмкіндігінше қол ұшын беріп, көмектескен адамдар да табылды. Мектепте де ұстаздар тарапынанда қолдау көрсетіп, материалдық жағынан төмен отбасыларының баларына кеңсе тауарларымен көмектесті.
Сонымен қатар сынып жетекшілерде өз сыныбындағы оқушылардың жағдайларымен танысып, мүмкіндігінше өз көмегін берді.
Ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс істеп ,оқушылардың құжаттарын реттеп жалпы оқыту қорынан көмек алуға мүмкіндік туды. Жалпы оқыту қорынан 17 оқушыға қырық мың теңге , ата-аналарының есепшоттарына аударылды. Есепшотқа түскен ақшаға ата-ана балаларға мектеп формасын, спорттық киімдер, сөмке және дәптерлер алынып, сол тауарларды растайтын чектер бірге тапсырылды. Балалардың оқуына мүмкіндік жасалды. Болашақта да жомарт жандар өз қол ұшын беретінін, әркез байланыста болатындарын жеткізді.
1.7. Отбасы күніне арналған іс – шараның есебі
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстығына, суығына бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Сол отбасынан үлкен өмірге қадам басамыз. Біздің өмірге түзу қадам басуымызда отбасының орны ерекше.
Атақты қазақ ақыны Қ.Аманжолов өзінің жарына арналған бір өлеңінде
Отбасы – шағын мемлекет деген екен.
Отбасы күнінде өткізілген іс-шаралар:
Мақсаты: оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
https://www.instagram.com/p/Cie3RaeN8-l/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/p/Cihq9JYtZX1/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/reel/CijgRzmpTTi/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/p/Cihr4LItYAU/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/reel/Cihp8bcpV7V/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/p/Ciksvs1I3Uf/?igshid=MDJmNzVkMjY=
1.8 Мұхтар Әуезов 125 жылдық мерейтойы
Мұхтар Омарханұлы Әуезов — қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Шыққан руы қожа.
Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Мұхтар Әуезовтың жылдығына орай сынып сағаттыры өткізілді. Сонымен қатар Мұхтар Әуезовке кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/p/CjAjzrFtJkB/?igshid=MDJmNzVkMjY=
1.9 «Еңбек - елдің мұраты
Еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінде баршаның міндеті-әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру. Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «...Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген. Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек, мектеп жасы балаларының тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына отбасы мен мектептің ролі ерекше. Ұлы дана Абай атамыз «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінде «бес нәрсеге асық бол» деп, талапты, еңбекті, терең ойды, қанағат пен рақымды асыл істер қатарына жатқызған.
«Еңбек - елдің мұраты» жобасын іске асыру шеңберінде, балаларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында Олжабай батыр ауылының жалпы орта білім беру ұйымдарында іс-шаралар үнемі өткізіледі.
1.10 Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында мектеп медбикесі Альмагамбетова Г.А сыныптар арасында тамақтанудың ережесін түсіндіріп, оқушылармен пікір бөлісті. Оқушыларға сұрақ қойып, олардың сұрақтарына жауап берді. Дұрыс тамақтану ережесімен түсіндірді.
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
Дұрыс тамақтану ережелері:
• Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады;
• Тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне 5 рет қабылдаған жөн;
• Таңертеңгі асты мұқият ішу қажет. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда ағзадағы қант азайып кетеді.
Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:
1. Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.
2. Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.
4. Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.
5. Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.
Тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Ас ішу біздің жасушаларымыз бен тіндерімізді жаңартуға мүмкіндік береді. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет.
Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаныжас, белсенді болып жүруіңізге болады.
2.1 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және жыныстық қолсұғылмалаушылықтың алдын алу бойынша ата-аналарға жаднама таратып, оқушылар түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектептің әлеуметтік желілеріне салынды.
Балалардың жыныстық қолсұғушылық мәселелері бойынша ата-аналарға арналған жадынамалар жүргізілді.
Құрметті ата-аналар!
Бұл жадынама Сізге арналған, өйткені Сіз балалар мен жасөспірімдердің зорлық - зомбылық пен жыныстық қолсұғушылықтың алдын алуға көмектесетін балаға ең жақын адамсыз. Зорлық-зомбылықтан аулақ болуға болады, бірақ бұл үшін балаға "Бес ережені" үйренуге көмектесіңіз.
«Бес ереже «Болмайды».
Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлесуге және оларды үйге кіргізуге болмайды.
Олармен бірге подъезге және лифтке кіруге болмайды.
Бөтен біреудің көлігіне отыруға болмайды.
Бейтаныс адамдардан сыйлықтар алуға және олардың үйіне немесе басқа жерге бару туралы ұсынысына келісуге болмайды..
Көшеде жалғыз жүруге болмайды, әсіресе қараңғылықтың басталуымен.
Балаңызға әрдайым «Жоқ!» деп жауап беруді үйретіңіз
Егер оған қонаққа бару немесе үйге бару ұсынылса, тіпті көршілер болса да.
Егер бөтен адам мектепке немесе балабақшаға келсе, ал ата-анасы оған бұл туралы алдын-ала ескертпеген болса.
Егер ата-анасы болмаған кезде бейтаныс (дұрыс танымайтын) адам келіп, оны пәтерге кіргізуді сұраса.
Егер бейтаныс адам сенімен танысу және уақытын өткізу үшін бір нәрсені ұсынса
3.1 Мектеп Жарғысына сәйкес оқушыларды мектептегі тәртіп ережелері туралы ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралар
Бұл Ереже мектеп ғимараты мен аумағына оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже мақсаты- мектептің тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың тәртібі мен машығының дамуына жағдай жасау.
1. Жалпы тәртіп сақтау ережелері: 1.1. Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп екінші ауыстыратын аяқ-киімін киеді. Кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды.
1.2. Мектепке және мектеп территориясына салқын қарулар, жарғыш немесе өртке қарсы, алькогольды сусындар, наркотиктер, газ баллондарын, сағыз, чипсы, улы және дәрігер қолдануға қатаң тыйым салынған басқа да заттар әкелуге тыйым салынады.
1.3. Мұғалімдердің келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді. Оқушы сабақ жіберген жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жібергенінің себебі туралы ата-анасының қолхатын беруі тиіс. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді;
1.4. Оқушы мектепте оқу құралдарымен (дәптер, оқулық, күнделік), сабақ кестесіне сәйкес орындалған үй тапсырмасымен келеді. әкелу тиіс,).
1.5 Оқушы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуі тиіс; Оқушылар, мұғалімдер бір біріне құрметпен қарайды. Оқушылар -үлкендерге, жоғары сынып оқушылары- кішілерге, ұл балалар- қыз балаларға жол береді
1.6. Оқушы мектепте және мектептен тыс әдептілік, біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс;
1.7. Мектеп мүліктеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауы тиіс;оны жөндеуге қолдан келерлік көмек береді.
1.8.Мемлекеттік білім беру мекемелері талап етілген киімнің іскерлік стилін ұстанады:
- Дәлме дәл іскерлік стилі: белгіленген үлгілі міндетті түрде көк, қара түсті мектеп формасы (классикалық үлгідегі шалбар, тізеге дейін юбка,), аяқ киім 6 см биік болмау тиіс(қыз балалар үшін ) ;
- Әртүрлі пирсинг, татуировка, қымбатты әшекейлер тағуға, мөлшерден тыс опа-далап пайдалануға, тырнақ өсіруге болмайды.
- Мектеп ғимаратында бас киіммен жүру;
- Шашты ашық түстерді бояуға болмайды, ұл балаларға шаштарын бұрымдау тыйым салынады;
- Шаш үлгісі классикалық үлгіде жиналу керек,
1.9.Электроқуат пен суды үнемдеу.
2. Сабақ кезіндегі тәртіп:
2.1. Оқушылар мұғалім сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп, тұрып амандасады және мұғалімнің рұқсатымен отырады. Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген кез келген ересек тұлғамен орнынан тұрып амандасады;
2.2. Сабақ уақытында шулауға, өзін және қасындағы оқушыларды бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды. Оқушы сұрақ қойып немесе сұраққа жауап бергісі келген жағдайда қол көтеруі керек.Оқушы мұғалімнің барлық қойған талаптарын орындауы қажет: күнделікті ұқыпты ұстап, әр апта сонында ата аналары күнделікте қол кояды.
2.3. Егер оқушы сабақ уақытында сыныптан шығу керек жағдайында алдымен мұғалімнің рұқсатын сұрауы тиіс.Сабақтың біткені туралы қоңырау мұғалім үшін беріледі. Мұғалім сабақтың аяқталғанын жариялағанда ғана оқушылар сыныптан шығуға құқылы. Мұғалім немесе басқа үлкен жасты адам сыныптан шыққанда оқушылар орнынан тұрады.
3. Сабақ басталғанға дейін,үзілістерде және сабақ аяқталғаннан кейінгі тәртібі.
3.1.Сыныпқа қоңыраудан бұрын кіру тиіс, коңырау соң сыныпқа тек мұғалімнің рұқсатымен кіреді;сонымен қатар сабақ уақытында немесе бақылау жұмысы кезінде телефон құрылғыларымен пайдалануға рұқсат етілмейді, телефон жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты болмайды.
3.2. Үзілістер (қоңырау) кезінде оқушы міндетті:
Өзінің жұмыс орнында тазалық пен тәртіп орнату;сыныптан шығу; мектеп қызметкерлері мен педагогтардың қойған талаптарына бағыну;педагогтың өтініші бойынша сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, мектепте және мектеп территориясында құқыққа қарсы іс әрекеттер жасау жіберілмейді; себепсіз сабақты қалдырмау (сабақты қалдырған жағдайда оны растайтын құжат көрсету).
3.3.Терезенің қасында орналасқан баспалдақтарда және басқа да ойнауға жарамайтын жерлерде жүгіруге болмайды; бір бірін итеріп, заттар лақтырып, бір біріне күш қолдануға болмайды;әдепсіз сөздер айтып, шулап, басқа демалып жатқандарға кедергі келтіруге;мектеп немесе мектеп территориясында алькогольды сусындар ішуге, темекі тарту, есірткі қолдану істеріне жол берілмейді.
3.4. Сынып бойынша кезекші:
- Қоңырау кезінде сыныпта болу, сыныпқа тәртіп қамтамасыз ету, педагогқа сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, сабақ біткеннен кейін сыныпты жинақтау; санитарлық талаптарға сай жағдайларды сақтау.
3.5. Оқушылар асханада болған кезде:
- Мұғаліммен асхана қызметкерлерінің талаптарына бағыну, ыстық және сұйық тамақтарды алу барысында назар аударып сақтықпен қолдану; асханада алынған немесе өздері әкелген тағамдарды тек қана асхана тамақтанады;тамақ ішіп болғаннан кейін үстелді жинайды.
- 4. Қорытынды
4.1. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді;
4.2.Оқушылар мектепішілік іс-шаралар өту барысында немесе мектеп территориясында орналасқан кезде өзінің және айналасындағы адамдардың өміріне, не денсаулығына қауіпті істер жасауға құқығы жоқ;
4.3. Сабақ біткеннен кейін немесе мектеп қызметкерлерінің рұқсатысыз мектеп ғимараттарда болуға;
4.4. Алькогольды сусындар ішуге, темекі тарту, есірткі қолдану істеріне жол берілмейді.
4.5. Жарғыш немесе өртке қарсы басқа да заттар әкелуге тыйым салынады;
4.6.Қарым қатынастарын анықтау мақсатында күш көрсету немесе қиянаттық жасауға құқығы жоқ;
4.7. Оқушылар арасында және барлық мектеп қызметкерлеріне әдепсіз сөздер айтуға;
4.8. Мектепте және мектеп территориясында құқыққа қарсы, өмірі мен денсаулығына қарсы іс әрекеттер жасау жіберілмейді;
4.9. Оқушыларға сабаққа қатысты емес заттарды мектепке әкелуге тыйым салынады;
4.11. Осы Ереже мектеп территориясында және мектеп ішілік іс-шараларда қатаң сақталады;
4.12.Осы Ережелер мен мектеп Жарғысын бұзған үшін оқушылар жауапкершіліккке тартылады.
5.Тәртіптік жауапкершілік ережелері:
5.1.Ата аналарды ескерту;
5.2.Ата аналарды мектепке шақыру;
5.3.Әкімшілік жиналысқа шақыру (оқушы);
5.4. Әкімшілік жиналысқа шақыру (ата аналар)
5.5.Педагогикалық кеңеске шақыру (оқушы);
5.6. Педагогикалық кеңеске шақыру (ата аналар)
5.7.Айналадағыларға қауіп төндіретін тәртіпті тоқтату мақсатында шешім қабылдау үшін мектеп кеңесіне шақыру (оқушы);
5.8. Айналадағыларға қауіп төндіретін тәртіпті тоқтату мақсатында шешім қабылдау үшін мектеп кеңесіне шақыру (ата аналар);
6.Ата аналар міндеті:
6.1.Мектеппен ата аналар шарты жағдайларын орындау;
6.2.Жарғы және мектептік локальдық акт талаптарын орындау;
6.3.Балалардың дене және интеллектуалды, әдептілік ұстанымдарын дамыту мақсатында өмірі мен оқуларына қолайлы жағдай жасау;
6.4.Бес (алты) жасты балаларға мектепалды даярлық жағдайларын қамтамасыз ету, алты (жеті) жасынан жалпы білім беру ұйымына орналастыру;
6.5.Білім беру ұйымдарымен бірлесе қызмет ету;
6.6.Оқушыларды білім беру ұйымына қатысуды қамтамасыз ету.
Мектеп ережесі оқушыларға түсіндіріліп, сынып сағаттары өтілді.
Олжабай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп президентін сайлау өтті.
https://www.instagram.com/p/CiSSXtPNvAp/?igshid=NDRkN2NkYzU=
https://www.instagram.com/p/CiSSlUstJib/?igshid=NDRkN2NkYzU=
Мектеп президентине үміткер оқушылар осы талаптарға сай өздерін ұсынды. Оқушылар іріктеліп төрт бала іріктелініп алынды.
1) Айтмағанбетов Батырхан 11 «А» сынып
2) Оразова Саина 9 «А» сынып
3) Хожабай Жансая 9 «А» сынып
4) Қуанбек Арайлым 10 «А» сынып
14.09.2022 ж күні мектеп президент сайлауы өтті. Үміткерлерді сайлау мектепке кіре беріс дәлізге сайлау бөлмесі деп жазып қойдық сайлау жәшігі қойылды, комиссия мүшелері отырып келген оқушыларға сайлау парақшасын бір – біреуден беріп, бір – бір оқушыдан сайлау бөлмесіне кіргізіп отырдық. Оқушылар сайлау парақшасын белгілеп сайлау жәшігіне салып отырды. Әр – бір дауыс беруші бір ғана үміткерді таңдады. Президенттік сайлауға 143 оқушы және 33мұғалім қатысты, жалпы саны 176. Сайлау комиссия үміткерлерді сайлау жәшігін ашып көріп дауыстарды санады.
1) Айтмағанбетов Батырхан 11 «А» сынып 47 дауыс жинады
2) Оразова Саина 9 «А» сынып 32 дауыс жинады
3) Хожабай Жансая 9 «А» сынып 32 дауыс жинады
4) Қуанбек Арайлым 10 «А» сынып 55 дауыс жинады
10 дауыс жарамсыз болды.
Қортындылай келе сайлауға жалпы қатысқаны 176 оқушы мектебіміздің президенті Қуанбек Арайлым болып сайланды
Сайлау барысындағы суреттер.
https://www.instagram.com/p/CifIIr2Noop/?igshid=NDRkN2NkYzU=
3.2 Білім беру мекемелерінде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау мониторингі
Білім басқармалары оқу орындарында санитарлық нормалардың сақталуына ерекше назар аударып, бақылауы қажет.
Барлық мектептерде қызметкерлер мен білім алушылардың денсаулығын қадағалау, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, кабинеттердің ауасын зарарсыздандыру (кварцтау) және дезинфекциялау шараларын жүргізу керек. Білім беру ұйымдары дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Мектепте оқушылардың дәліздерде, асханада, жуынатын бөлмелерді тазалық сақтауын ескертілді. Санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау үшін, сынып жетекшілері, сынып сағаттарында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп медбикесі Альмагамбетова Г.А оқушыларға қолдарын қалай жуу керегі туралы оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Әр сынып басқа кабинетке ауысып, пәндік кабинеттерде оқиды. Үзілісте таза ауамен демалып, үлкен қоңырауларды кабинеттердің терезелері ашылып, ауа алмастырылады. Сонымен қатар, сабақ кестесі санитарлық талаптарды ескере отырып жасалды. Білім беру ұйымдары бұқаралық, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізіледі. . Дәстүрлі оқыту форматында мектеп формасы бұрынғыдай сақталады.
Мектеп медбикесі тұмаудан сақтық шаралары туралы кеңінен баяндап, сыныптарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
4.1 Олжабай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік (санаттық жағдай) паспортты қалыптастыру.
Мектепте 265 оқушы білім алуда. 1-11 сыныпқа дейін 17 сынып бар.
1 «А» -23 оқушы, 1 «Б» сыныбында 4 оқушы оқып жатыр.
2 «А» 28 оқушы, бұл сыныптар 2 ауысымда оқып жатыр. 2 «Б» 9 оқушы
3 «А»-29 оқушы бар.
4 «А»-24, 4 «Б»-5 оқушы , 5 «А»-20, 5-6 «Б»-11оқушы бар, Бұл сынып біріктірілген сыныптар
6 «А»-22, , 7 «А»-22, 7 «Б» 8 оқушы ,8 «А»-17,
,9 «А»-15, 9 «Б»-5, 10 «А»-14, 11А-9
Көп балалы отбасы 1-11 сыныптарда 226 оқушы, яғни 51 отбасы бар,
Аз қамтылған 17 оқушы, 5 отбасы , Жетім қамқорлықта -1 оқушы 5 сыныпта оқиды.
Туыстарының отбасында тұрып жатқан 13 оқушы бар. Барлық оқушылардың сенімхаттары бар.
Толық емес отбасы 24 отбасы 40 оқушы бар
Әр сынып жетекші өз сыныптары бойыншы АКТ ЖБУ жасады, барлық оқушының білім алуна жағдай жасалған. Жағдай төмен отбасылардың балаларына көмек көрсетіліп, оқуға керек құралдары алынған
Туыстарының үйлерінде тұрып жатқан оқушылардың ата-аналарымен келіссөздер өткізілді. Сонымен қатар сенімді өкілдері шақырылды.
4.5 Олжабай батыр ауылынң жалпы орта білім беретін мектебі денсаулық фестиваль күніне арналған іс-шаралар есебі.
Мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялы қ процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.
Денсаулық күніне орай өткізілген іс-шаралар:
Денсаулық күніне орай «Денсаулық маршы» тақырыбы бойынша мектепішілік жаппай жаттығу өткізілді. Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Деңсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенің балаларға ұғындыру. Өзін өзі күте білуге, тазалыққа, сұлулыұты сезіне білуге баулу.
https://www.instagram.com/p/CixKtlKNgu5/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/p/Ci0Byd-tIWP/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/reel/Ci0CmeWL_Ay/?igshid=MDJmNzVkMjY=
https://www.instagram.com/p/Ci935YPNZ4p/?igshid=MDJmNzVkMjY=