АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ "ОЛЖАБАЙ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА ОЛЖАБАЙ БАТЫРА" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хаттама №4 от 26.12.2022

Хаттама № 4

 

Қамқоршылық кеңестің отырысы

«Олжабай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Өткізілген уақыты:             26.12.2022

Өткізілген орны:                  Мектеп

Отырыстың басталуы:      16.00

Отырыстың аяқталуы:     17.00

Отырыстың төрайымы:    Утегенова Зейнегуль

Қатысқандар:                      Мектеп директоры – Назарбекова С.А.,мектептің тәрбие ісі жөнінде директордың орынбасары Серғазы Ж.

Есентаева С.(Әкімшілік), ИП «Камышев»Жотаева З., Умурзакова Г.(медбике), ИП «Еркін» Амангелді Г., ИП «Утегенов» Утегенова З.,К/Х «Гея»Евфименко М., К/Х «ТАС-С» Тайганов Т., К/Х «Береке» Унайбеков Е.

Қатыспағандар:                  -

Шақырылғандар:              Мектеп директоры- Назарбекова С.А.

                                               Тәрбие ісі орынбасары – Серғазы Жадыра

                                               

Күн тәртібі:

  1. Қамқоршылық кеңес жұмысының қорытындысы.

 

Тыңдалды: 1- ші сұрақ Қамқоршылық кеңес жұмысының қорытындысы.

Сөйледі:Утегенова З.

Қаңтар айында өткізілген «Қамқоршылық акциясы» аясында әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға мектеп ата-аналарының ерікті көмек көрсетуімен, 1 отбасына азық- түлікпен қажеттілігіне қарай қамтамасыз етілді.

Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің ұсынысымен ата- аналар қауымдастығы қолдауымен Ұлттық дәстүрімізді оқушыларға насихаттау мақсатында Наурыз мерекесін ауқымды көлемде өткізілді.

Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің ұсынысымен ата- аналар қауымдастығы қолдауымен Ұлттық дәстүрімізді оқушыларға насихаттау мақсатында Наурыз мерекесін ауқымды көлемде өткізілді.

Мамыр айында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтау мақсатында  тың ардагерге мекен – жайына барып, құттықтап, оқушылар мен ата – аналар алғыстарын білдірді.

Көктемгі демалыс кезінде мектеп маңын абаттандыру, көгалдандыру, жұмыстарына көмек көрсету туралы ата – аналар жиналысында кеңес мүшелері тарапынан айтылып, көгалдандыру жұмысына көмек көрсету барлық ата – аналардың ерікті түрде ұйымдасып, қолдауымен атқарылды. Мектеп түлегі мамраев Қанат 300 түп гүл берді. Гүл мектеп ауласына отырғызылды.

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында мектеп жанынан 1-4 сынып оқушыларына арналған «Достық» сауықтыру лагері ашылды және Сілеті ауылындағы «Жұлдыз» лагеріне әлеуметтік категорияға жататын және дарынды оқушылар ұйымдастырылды. 5-8 сынып оқушыларына арналған Балқаш қаласындағы «Балдәурен» сауықтыру лагері ата- аналардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында маусым айында 6 оқушы барды.

  1 тамыздан өткізілген республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге әлеуметтік қолдау көрсету бағыты бойынша ата-аналар қауымдастығының ерікті демеушілік көмек көрсетуімен 100000 теңге көлемінде әлеуметтік  категорияға жататын:  асыраушысын жоғалтқан, көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға қажеттіліктеріне қарай киім кешектер мен мектепке қажетті кеңсе тауарларымен оқушылар қамтамасыз етілді.

Аудан білім бөлімінің қаражаты есебінен 6 отбасына 40,000 теңгеден көмек көрсетілді. Ата- аналар балаларын мектепке дайындау мақсатымен аталған ақшаға киім- кешек сатып алды. Чектерін мектепке тапсырды.

Сонымен қатар, бірнеше мерекелік, қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылды.

16- желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі қарсанында «Тәуелсіздік- деп соғады жүрегіміз!»  атты ата-аналар мен оқушылар бірлескен отбасылық жарыстарға қатысып, әр түрлі тақырыпта кештер өткізуге атсалысып, мектепте өткізілетін іс-шаралар үштік одақтың бірігіп жасалатын жетістіктері екенін ата-аналар атап айтты.

Ауыл жастарының ұйымдастыруымен мектепке 580 мың тұратын музыкалық центр сатып алып берді.

Қамқоршылық кеңес 2022 жылға арналған жоспарға сай жұмысын толық атқарды.

Шешім: 2022 жылда атқарылған жұмыстың қорытындысы есепке алынсын.

Төрайымы Утегенова З.

Жаңартылған күні: 29.03.2023 11:08
Құрылған күні: 29.03.2023 11:08

Текст