АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ "ОЛЖАБАЙ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА ОЛЖАБАЙ БАТЫРА" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы"

 

"Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 373 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 тамызда № 21148 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

       1. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (ҚР нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 5191 болып тіркелген, 2008 жылғы 30 мамырда № 81 (1307) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

       көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларында:

 

       2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:

      1) бағалау – білім алушылардың оқуда нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудан күтілетін нәтижелермен әзірленген өлшемшарттар негізінде салыстыру процесі;

      2) бағалау өлшемшарттары – білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізуге негіз болатын белгі;

      3) білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау - бұл жалпы білім беретін оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында мұғалім жүргізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;

      4) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейін оның бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

       5) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі - МЖМБС) қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім:

      6) жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы), сондай-ақ оқу бағдарламасына сәйкес бөлімдерді (ортақ тақырыптарды) оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін бағалау түрі;

      7) модерация – бағалаудың объективтілігін және айқындығын қамтамасыз ету үшін балдарды қоюды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың жұмысын талқылау процесі;

      8) оқытудан күтілетін нәтижелер – оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы;

      9) формативті бағалау – сыныпта күнделікті жұмыс барысында жүргізілетін бағалау түрі, білім алушылар үлгерімінің ағымдағы көрсеткіші болып табылады, оқыту барысында білім алушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және білім беру процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.";

 

       13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Формативтік бағалау білім алушылардың оқыту мақсатына жету мониторингін жүргізу және орындалған үй жұмысы мен педагогтің жазбаша түрдегі (дәптерге немесе күнделікке) немесе ауызша ұсынымдамаларының қорытындысын ескере отырып сараланған жұмыстарды одан әрі теңестіру үшін жүргізіледі.

      Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және қашықтықтан оқыту нысанында оқыту кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері балл қою арқылы формативті бағаланады. 1-11 (12) сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады.

      Тоқсанға баға қою кезінде формативті бағалау үшін орташа балл есепке алынады, ол журналдың жеке бағанында қойылады.";

 

       14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды тоқсан, бөлім (ортақ тақырып) аяқталғаннан кейін оқу материалдарының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және қадағалау үшін жиынтық бағалау нысанында педагогтер жүргізеді.

      Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және қашықтықтан оқыту нысанында оқыту кезінде жиынтық бағалау 2-11 (12) сыныптарда жүргізіледі. Бұл ретте пәндер бойынша 1 бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі - БЖБ) өткізіледі. 1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктері бағаланбайды.";

 

       14-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-1. Формативті бағалау, БЖБ және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі - ТЖБ) нәтижелері бойынша білім алушыларға тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады.";

 

       19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Даулы мәселелер туындаған жағдайда білім алушылардың тоқсандағы оқу жетістіктерінің нәтижелері бойынша жазбаша түрде өткізілетін жиынтық бағалауда объективтілікті және ашықтықты қамтамасыз ету үшін және/немесе педагогикалық кеңестің шешімімен педагогтер қажет болған жағдайда, ТЖБ бағасы қойылғанға дейін бір күннен кешіктірмей модерация жүргізеді.

      Балдары өзгертілуі тиіс болатын білім алушылардың тоқсандық жиынтық жұмыстарының модерациясы жүргізілген жағдайда олар қайта тексеріледі. Модерация қорытындысы бойынша тоқсан ішіндегі жиынтық жұмыс үшін балл өсу жағына да, азаю жағына да өзгереді.";

 

       20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Білім алушылар (денсаулық жағдайына байланысты, жақын туыстарының қайтыс болуы, қолайсыз метеожағдайларға байланысты, барлық деңгейдегі жарыстарға, конференцияларға, олимпиадаларға және ғылыми жобалар конкурстарына қатысу) болмаған жағдайда жиынтық бағалауды жеке кесте бойынша тапсырады.

      Ағымдағы тоқсан/жартыжылдық аяқталғанға дейін Жиынтық жұмыстарды тапсырмаған жағдайда білім алушыға жиынтық жұмыстарды тапсырғанға дейін "уақытша аттестатталмады" деген белгі электронды журналда қойылады. Тапсыру қорытындысы бойынша төртінші/жартыжылдық баға қойылады.";

 

       22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады.";

 

       25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Тоқсандық баға бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады.

      Тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және уәкілетті органның шешімі бойынша қашықтықтан оқыту нысанында оқыту кезінде тоқсандық баға қалыптастырушы бағалау үшін орташа балл, БЖБ мен ТЖБ нәтижелері бойынша тиісінше 25%, 25% және 50% пайыздық арақатынаста қойылады.";

 

       31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Оқушылар бір мектептен екінші мектепке ауысқан кезде, оқу жылы көлеміндегі оның жиынтық бағалау нәтижесі (бөлім (ортақ тақырыптар) және тоқсан үшін жиынтық бағалаудың максималды балы және білім алушының қорытынды балдары) электронды (қағаз) журналдан жазба арқылы ресімделіп, директор және мектеп мөрімен расталып, оқушының жеке іс қағазымен беріледі.

      Білім алушы бұрын қандай да бір пән оқытылмаған мектептен ауысқан жағдайда "тоқсан үшін баға" бағанына "оқытылмаған" белгісі енгізіледі. Бұл жағдайда білім алушыға оқу пәні бойынша жылдық баға осы пәнді оқу кезінде одан әрі ағымдағы оқу жылында алынған тоқсандық бағалар сомасының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады.";

 

       37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. 9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

      1) қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан:, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

      2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

      3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;

      4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.";

 

       39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

      1) қазақ/орыс тілі бойынша және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан:

      2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;

      3) Қазақстан тарихынан тестілеу;

      4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;

      5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.";

       көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

       3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі

А. Аймагамбетов

 

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 28 тамызы
№ 373 Бұйрыққа
қосымша

 

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
№ 125 бұйрығына
2-қосымша

       

 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидалары

       1-тарау. Негізгі ережелер

       1. Осы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) біліктілік емтиханы – теориялық және практикалық дайындықтың, тәжірибе мен құзыреттіліктің жеткілікті екендігін объективті айқындауға, олардың талаптарға сәйкестігін бағалауға және біліктілік деңгейін беруге мүмкіндік беретін рәсім;

      2) біліктілік комиссиясы – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульді игеру қорытындылары бойынша жұмысшы біліктілігін беру рәсімін өткізу үшін құрылатын алқалы орган;

      3) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      4) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      5) білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау –оқытушының пәнді және (немесе) модульді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімін жүйелі тексеруі;

      6) дипломдық жұмыс (жоба) –білікті жұмысшыларды, орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлайтын бағдарламалар бойынша білім алатын студенттердің өзіндік шығармашылық жұмысы;

      7) қорытынды аттестаттау комиссиясы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне қорытынды аттестаттау өткізу үшін құрылатын алқалы орган;

      8) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық–рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған сандық эквивалентті әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингін белгілеуге мүмкіндік беретін оқу жетістіктерінің деңгейін балмен бағалау жүйесі.

      3. Білім алушылардың білімін бағалау цифрлық бес балдық жүйе бойынша жүргізіледі: (5-"өте жақсы", 4-"жақсы", 3-"қанағаттанарлық", 2-"қанағаттанарлықсыз").

       Балдық-рейтингтік әріптік жүйені қолдану кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері (білім, білік, дағды және құзыреттілік) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес 4 балдық шкала бойынша тиісті цифрлық эквиваленті бар халықаралық тәжірибеде қабылданған әріптік жүйеге (оң бағалар, кемуіне қарай, "А" - дан "D"-ға дейін, "қанағаттанарлықсыз" - "F") сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша бағаланады.

       2-тарау. Білім алушыларды ағымдағы бақылаудан және аралық аттестаттаудан өткізу

      4. Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды өткізудің нысандарын, тәртібін және кезеңділігін дербес таңдайды.

      Ағымдағы бақылау пәндер және (немесе) модульдер бойынша практикалық және семинарлық сабақтар жоқ болған жағдайда, оқытушының оқу бағдарламасында көзделген міндетті бақылау жұмыстарын (жазбаша тапсырмалар, рефераттар) тексеруі арқылы, оның ішінде оқытудың жеке траекториясын ескере отырып жүзеге асырылады.

      Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалардың пәндер және (немесе) модульдер бойынша үлгеріміне ағымдағы бақылау психофизикалық даму ерекшеліктері ескеріле отырып жеке тапсырмалар бойынша өткізіледі.

      Қашықтықтан білім беру технологияларын (бұдан әрі-ҚБТ) қолдана отырып, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау:

      1) білім алушы мен оқытушының телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып онлайн немесе офлайн режимінде тікелей қарым-қатынасы;

      2) автоматтандырылған тестілеу кешендері;

      3) жеке тапсырмаларды тексеру (білім алушылардың мессенджерлер, электрондық поштасына тапсырмалар беру) арқылы жүзеге асырылады.

      Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды жүргізу нысандарын педагог оқу материалының мақсатын, мазмұнын ескере отырып анықтайды.

      5. Оқу жоспарына сәйкес оқыту дәрістік курспен шектелетін пәндер және (немесе) модульдер бойынша міндетті бақылау жұмыстары болмаған жағдайда, үлгерімді ағымдағы бақылау жүзеге асырылмайды. Пәндердің және (немесе) модульдердің тізбесін білім беру ұйымдарының алқалы органы айқындайды.

      6. Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізу пәндерінің және (немесе) модульдерінің тізбесі мен нысанын жұмыс оқу жоспарларына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және оқу жылының басында оқу-тәрбие процесінің кестесіне енгізіледі.

      ҚБТ қолдану кезінде мына аралық аттестаттау нысандары:

      1) тапсырманы орындауға кететін уақытты шектеу мүмкіндігі бар автоматтандырылған тест жүйелерін қолдана отырып тестілеу;

      2) жеке жобаны іске асыру (онлайн, офлайн);

      3) практикалық, шығармашылық тапсырманы орындау (онлайн, офлайн);

      4) емтиханды онлайн режимінде тапсыру (ауызша немесе жазбаша түрде) қолданылады.

      Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: тіл, әдебиет, Қазақстан тарихы, математика және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары таңдаған пән бойынша емтихан өткізуді көздейді.

      Білім алушыларға жұмысшы біліктілігін беруге арналған аралық аттестаттау өткізу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдары білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен біліктілік комиссиясы құрылады.

      Жұмысшы біліктілігін беру туралы куәлік беру туралы шешім осы біліктілік бойынша жұмыс түрлерін орындау жөніндегі біліктілік емтиханы негізінде қабылданады.

      7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау, практика бойынша есептер, сынақтар және емтихандар нысанында жүзеге асырылады, бұл ретте сынақтар мен курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау емтихандар басталғанға дейін өткізіледі.

      Курстық жобалар (жұмыстар) аталған пән және (немесе) модуль бойынша курстық жобаны (жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді меңгеруді қамтамасыз ететін пәннің және (немесе) модульдің теориялық бөлімі немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады.

      Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды аралық аттестаттау емтихандар және/немесе сынақтар нысанында өткізіледі.

      8. Егер ағымдағы семестрдің оқу жоспарында аталған пән және (немесе) модуль бойынша емтихан немесе қорытынды сынақ түрінде аралық аттестаттау қарастырылмаса, сынақтар келесі семестрге ауысқан пәндер және (немесе) модульдер бойынша өткізіледі.

      Сараланған бағалармен ("үздік", "жақсы", "қанағаттанарлық" және "қанағаттанарлықсыз") өткізілетін сынақтар курстық жобалар (жұмыстар), кәсіптік практика бойынша, сондай-ақ тізбесі оқу жұмыс жоспарына сәйкес айқындалатын арнайы пәндер және (немесе) модульдер бойынша жүргізіледі.

      9. Білім алушыларды аралық аттестаттау материалдары әрбір оқу пәнінің және (немесе) модульдің оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде жасалады.

      10. Білім алушыларды аралық аттестаттауға даярлау кезеңінде консультацияға бөлінген жалпы бюджет уақыты есебінен консультация өткізіледі.

      11. Білім алушыларды емтихан нысанында аралық аттестаттаудан өткізу үшін:

      1) емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары, ситуациялық тапсырмалар;

      2) емтихан кезінде пайдалануға рұқсат берілген көрнекі құралдар, анықтама сипатындағы материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері;

      3) оқу және технологогиялық карталар;

      4) спорт залдары, жабдықтар, мүкәммалдар;

      5) емтихан ведомосы дайын болуы қажет.

      12. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды қабылдау) оқытушы және (немесе) аталған пән және (немесе) модуль бойынша семестр бойы сабақ берген оқытушылар не білім беру ұйымы басшысының тапсырмасы бойынша осы пәннің және (немесе) модульдің бейініне сәйкес келетін біліктілігі бар оқытушы жүзеге асырады.

      13. Аралық аттестаттауға әрбір пән және (немесе) модуль бойынша оқу жұмыс жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес барлық практикалық, зертханалық, есептік-графикалық және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды толық орындаған және ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз бағасы жоқ білім алушылар жіберіледі.

      Емтиханға 1-2 пәннен және (немесе) модульден қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушы білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен, ал екеуден көп қанағаттанарлықсыз бағасы болса, педагогикалық кеңестің шешімімен жіберіледі.

      14. Аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтихан билеттері бойынша тапсырмаларды орындау үшін:

      әрбір білім алушыға ауызша емтиханға 25 (жиырма бес) минуттан көп емес;

      жазбаша емтиханды өткізуге:

      1) әдебиет (шығарма) бойынша 6 астрономиялық сағаттан;

      2) математика және арнайы пәндер және (немесе) модульдер бойынша 4 академиялық сағаттан;

      3) мемлекеттік тіл және орыс тілі (мазмұндама) бойынша 3 астрономиялық сағаттан;

      4) мемлекеттік тіл және орыс тілі бойынша (диктант) 2 астрономиялық сағаттан көп емес уақыт бөлінеді.

      Жазбаша емтихан жұмыстары (тест тапсырмалары) білім беру ұйымының мөртабаны қойылған қағаздарда орындалады.

      15. Тыңдауға, оқу жұмыстарын қарауға, спорт көріністеріне байланысты арнайы пәндер, модульдер бойынша емтихандарды тиісті әдістемелік пәндік және циклдық комиссиялардың, кафедралардың, бөлімдердің оқытушылары қабылдайды. Оларды өткізу үшін нақты жұмсалатын, бірақ бір оқушыға бір академиялық сағаттан аспайтын уақыт қарастырылады.

      16. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды) өткізу кезінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының рұқсатынсыз (оқу ісі, әдістемелік жұмыстар жөніндегі басшының орынбасарынан, бөлім меңгерушісі мен пәндік-циклдік комиссияның төрағасынан (төрайымынан) басқа) бөгде адамдардың қатысуына болмайды.

      17. Сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен аралық аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім білім беретін оқу орнының басшысы оны тапсыруға жеке мерзімді білім беру ұйымдарының бекітілген бұйрығымен белгілейді.

      18. "Қанағаттанарлықсыз" (сынақтан өткен жоқ) деген баға алған жағдайда емтиханды қайта тапсыруға бір пән және (немесе) модуль бойынша бір реттен артық рұқсат етілмейді.

      Емтиханды (сынақты) қайта тапсыруға пәнді жүргізетін оқытушыға, модуль шеңберінде оқытушыларға белгіленген мерзімде бөлім меңгерушісі жазбаша түрде рұқсат берген жағдайда жіберіледі (немесе сабақ беретін оқытушы болмаған жағдайда, осы пәннің (модульдің) бейініне сәйкес біліктілігі бар басқа оқытушыға тапсыруға болады).

      Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша 2-ден аспайтын "қанағаттанарлық" бағасы бар білім алушылар үшін бөлім меңгерушісінің (директор орынбасарының) жолдамасы бойынша бағаны неғұрлым жоғары деңгейге қайта тапсыруға рұқсат етіледі.

      19. Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша үштен астам "қанағаттанарлықсыз" бағасы бар білім алушылар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен білім беру ұйымынан шығарылады, оған белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

      20. Белгіленген курстағы оқу жоспарының талаптарын толықтай орындаған, аралық аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын табысты тапсырған білім алушылар келесі курсқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен көшіріледі.

      21. Аралық аттестаттауға шығарылмайтын пәндер, модульдер бойынша қорытынды бағаларды оқытушылар курс аяқталған соң үлгерімді ағымдағы бақылау бағаларының негізінде қояды.

      22. Ағымдағы оқу сабақтарынан қол үзбей, аралық аттестаттау емтихандарын мерзімінен бұрын тапсыруға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының бұйрығымен:

      1) ағымдағы семестрдің пәндері және (немесе) модульдері бойынша оқу жұмыс жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес зертханалық, практикалық, есептік-графикалық және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды "өте жақсы" деген бағаға тапсырған;

      2) белгіленген мерзімде аралық аттестаттаудан өтуге мүмкіндігі жоқ (тиісті құжаттармен расталған дәлелді себептер бойынша) білім алушылар жіберіледі.

       3-тарау. Білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу

      23. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау, медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қоспағанда, жалпы кәсіби және арнайы пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды емтихандар тапсыруды немесе арнайы пәндердің және (немесе) модульдердің бірінде қорытынды емтихан тапсыру арқылы диплом жобасын (жұмысын) орындау мен қорғауды қамтиды.

       Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № ҚР ДСМ-46 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 18577 тіркелген) бекітілген Білім алушылардың медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білімі мен дағдыларын бағалау қағидалары сәйкес жүзеге асырылады.

      Қорытынды аттестаттау оны өткізудің алдын ала бекітілген кестесі бойынша өткізіледі.

       Қорытынды аттестаттауға академиялық қарызы жоқ және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары (бұдан әрі - МЖМБС) талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын толық көлемде меңгерген білім алушылар жіберіледі.

      ҚБТ-ны қолдана отырып, қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде білім беру ұйымы білім алушылардың жеке басын сәйкестендіруді қамтамасыз етеді, оның тәсілін ұйым дербес таңдайды және оны өткізу тәртібінің сақталуын бақылайды.

      Білім алушыларды сәйкестендіру білім алушының жеке басын бейне камера алдында ашық түрде ұсынылған жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен визуалды салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Білім алушылар байланыс жабдықтары мен арналарына қойылатын техникалық талаптар туралы алдын ала хабардар етіледі. Білім беру ұйымы білім алушылардың техникалық мүмкіндігіне байланысты алдын ала тексеру арқылы көз жеткізеді.

      Компьютерлік тестілеу ақпараттық жүйелерге енгізілген құралдардың көмегімен немесе жеке құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Тестілеу процесі автоматтандырылған. Тестілеу нәтижелерін автоматтандырылған өңдеу және сақтау қамтамасыз етіледі.

      24. Дипломдық жобаны (жұмысты) жұмысшы біліктілігі бойынша білім алатын студенттер, сондай-ақ жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, экономикалық және шығармашылық мамандықтар бойынша білім алушылар орындайды және ол бітірушілердің арнайы теориялық білімі мен практикалық дағдыларын жүйелеуге, қорытындылауға және тексеруге бағытталған.

       Дипломдық жобаны (жұмысты) орта буын маманын, қолданбалы бакалавр дайындау кезінде техникалық, технологиялық және шаруашылық мамандықтар бойынша білім алатын студенттер орындайды, және ол кейбір техникалық құралдар мен технологиялар жасауды немесе олардың есебін болжайды.

      25. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу үшін білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен қорытынды аттестаттау комиссиясы құрылады.

      Қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы дауыс беру құқығынсыз хатшыны қоса алғанда кәсіпорындардың білікті мамандарынан, арнайы пәндер оқытушыларынан, өндірістік оқыту шеберлерінен және оқу орнын басқарудың алқалы органдары өкілдерінен, яғни жұмыс берушілер өкілдерінен 65% және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерінен 35% арақатынасында құрылады.

      Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамына қосымша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдері кіреді.

      26. Комиссия қорытынды аттестаттауды өткізу кезеңінде қорытынды аттестаттауды өткізуге бір ай қалғанда құрылады.

      27. Комиссия:

      1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларында белгіленген білім алушылардың теориялық және практикалық даярлық деңгейінің сәйкестігін;

      2) білім алушылардың өндірістік оқыту, жалпы кәсіптік және арнайы пәндер және (немесе) кәсіптік модульдер бойынша нақты білім, іскерлік деңгейін және практикалық дағдыларын, кәсіптер (мамандықтар) бойынша оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкестігін айқындайды.

      28. Комиссия отырыстарының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспайды.

      29. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау, оның ішінде ҚБТ-ны қолдана отырып, оқу процесінің кестесінде көрсетілген мерзімде және МЖМБС белгіленген оқу жұмыс жоспарларының нысандары бойынша өткізіледі.

      Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ұйымдармен келісілген мерзімде жүргізіледі.

      Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін, оның ішінде қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібі, жұмысты ресімдеу ережесі, жұмыстың орындалу ұзақтығы, қорытынды аттестаттау нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция беру тәртібі туралы нұсқаулық өткізіледі.

      Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібімен таныстыруды білім беру ұйымы кемінде 20 жұмыс күні бұрын жүзеге асырады.

      Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.

      ҚБТ-ны пайдалана отырып қорытынды аттестаттауды өткізу қорытынды аттестаттау басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей білім беру ұйымы басшысының атына берілетін жеке өтініш негізінде жүзеге асырылады.

      Білім беру ұйымдарында ҚБТ-ны қолдана отырып, қорытынды аттестаттауды өткізу үшін:

      1) білім алушыларды үздіксіз бейне және аудио бақылау, бейнежазба жүргізуді;

      2) дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғау кезінде білім алушылардың презентациялық материалдарын көрсету мүмкіндігін қамтамасыз ететін қажетті жабдықтар жиынтығы бар бөлмелер жабдықталады.

       ҚБТ-ны қолдана отырып қорытынды аттестаттауға қатысатын білім алушылардың процедураның тұтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін техникалық құралдары мен бағдарламалық қамтамасыз етуі болады.

      30. Комиссияға мынадай материалдар мен құжаттар ұсынылады:

      1) мамандық бойынша оқу жұмыс жоспары;

      2) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы басшысының білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрығы;

      3) білім алушылардың қорытынды бағаларының жиынтық ведомосы;

      4) оқу бағдарламасына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттерінің жиынтығы мен сұрақтар тізбесі;

      5) денсаулық сақтау кадрларын даярлау бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестікпен келісілген медициналық білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға арналған тест тапсырмаларының техникалық ерекшеліктері мен клиникалық станциялар тізімі;

      6) күндізгі нысанында оқитын білім алушының денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін жылжытуға құқығын растайтын құжаттар;

      7) сырттай нысанында оқитын білім алушының денсаулық жағдайына және (немесе) жұмыс орнынан дәлелді құжаттар ұсынылғанына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін жылжытуға құқығын растайтын құжаттар.

      31. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау жалпы кәсіби және арнайы пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды емтихандар тапсыру немесе арнайы пәндердің және (немесе) модульдердің бірінде қорытынды емтихан тапсыру арқылы диплом жобасын (жұмысын) орындау мен қорғау нысанында өткізіледі.

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін қорытынды аттестаттау олардың денсаулық жағдайына теріс факторлардың әсерін болдырмайтын және білім алушылардың физиологиялық ерекшеліктері мен денсаулық жағдайына жауап беретін жағдайларда жүргізіледі.

      ҚБТ-ны қолдану арқылы қорытынды аттестаттау нақты уақыт режимінде (онлайн) өткізіледі. Білім беру ұйымдары тарапынан қорытынды аттестаттаудың бағдарламалық құралдарын ұсынуға және техникалық қолдауға жауапты білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен айқындалған тұлға болып табылады, ол қорытынды аттестаттауды өткізудің техникалық шарттарын тексеруді басталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жүргізеді.

      Пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды емтихандар оқу бағдарламаларына сәйкес: бірнеше арнайы пәндер және (немесе) кәсіптік модульдер бойынша сұрақтарды қамтитын ауызша, жазбаша, кешенді емтихан нысандарында өткізіледі.

       ҚБТ-ны қолдана отырып, қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде білім алушының жеке басын міндетті түрде сәйкестендіруді және кешенді емтихандарды өткізу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыра отырып, компьютерлік тестілеу нысанында кешенді емтихандар өткізу қарастырылады.

       Диплом жобасын (жұмысын) қорғау қорытынды аттестаттау өткізу жөніндегі комиссияның ашық отырысында кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. Бір дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 30 (отыз) минуттан аспайды. Диплом жобасын қорғау үшін білім алушы ұзақтығы 10 (он) минуттан аспайтын баяндама жасайды.

      Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі апта бұрын білім алушылар қорғауға жіберілген дипломдық жобаларды (жұмыстарды) рецензиялармен және презентациялық материалдармен ұсынады.

      Дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауды өткізу уақыты бекітілген кестемен анықталады және дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғау басталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын білім алушылардың назарына жеткізіледі.

      Дипломдық жобаны (жұмысты), оның ішінде ҚБТ-ны қолдану арқылы қорғау презентация түрінде өтеді. ҚБТ-ны қолдану арқылы дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау процесі үзілген жағдайда, білім алушы оны жалғастыру туралы өтінішпен дереу басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарына немесе оқу бөлімінің меңгерушісіне жүгінеді.

      Ауызша қорытынды емтиханның ұзақтығы бір білім алушыға 15 (он бес) минуттан аспайды.

      ҚБТ-ны пайдалана отырып, қорытынды емтиханды өткізу кезінде жұмыстарды белгіленген уақыттан бұрын орындаған жағдайда, Комиссия төрағасының рұқсатымен бейнеконференцбайланыс сеансын мерзімінен бұрын аяқтауға рұқсат етіледі.

      Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды қорытынды аттестаттау өндірістік оқыту бойынша практикалық жұмысты тапсыру нысанында орындалатын іс-әрекеттерді түсіндіре отырып, басшының міндетті түрде қатысуымен өткізіледі. Практикалық жұмысты қорғау үшін білім алушы жұмыстың орындалу кезеңдері туралы ұзақтығы 15 (он бес) минуттан аспайтын баяндама жасайды.

      Қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру кезінде есту қабілеті бұзылған білім алушылар үшін сурдоаудармашы тартылады.

      Қорытынды аттестаттауды өткізудің барлық рәсімі бейнеге жазылады.

      32. Біліктілік емтиханы жұмыс берушілердің кәсіпорындары (ұйымдар, мекемелер) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымында әрбір біліктілік бойынша қажетті жабдықпен жарақтандырылған өндірістік алаңдар, зертханалар, шеберханалар немесе оқу орталықтары болған жағдайда, оқу орнының базасында өткізіледі.

      33. Комиссияның шешімі бойынша ағымдағы оқу жылында тиісті оқу пәні және (немесе) модуль бойынша емтихан тапсыруға/дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға мыналар:

      1) қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлықсыз нәтиже алғандар;

      2) дәлелді себеппен қорытынды аттестаттауға келмеген (денсаулық жағдайына немесе тиісті құжаттармен расталған өзге де объективті себептерге байланысты) білім алушылар қайта жіберіледі.

      Қайта отырысты өткізу мерзімін комиссия айқындайды.

      Қорытынды емтиханды қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән және (немесе) модуль бойынша ғана жүргізіледі.

      Қорытынды аттестаттау комиссиясының шешімі бойынша білім алушыға сол жұмысты тиісті пысықтаумен қайта қорғауға немесе жаңа тақырыпты әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

      Оң бағаны көтеру мақсатында қорытынды емтиханды қайта тапсыруға және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға жол берілмейді.

      34. Диплом жобасын (жұмыс) қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

      35. Жекелеген жағдайларда, белгіленген мерзімде қорытынды аттестаттаудан өтуге мүмкіндігі жоқ (денсаулық жағдайына, әскери қызметке шақырылуына немесе тиісті құжаттармен расталған өзге де объективті себептерге байланысты) білім алушыларға оқу процесінің кестесіне сәйкес қорытынды аттестаттау басталатын күнге дейін екі айдан ерте емес мерзімде қорытынды аттестаттауды (сессияны мерзімінен бұрын тапсыру немесе ұзарту) жеке тапсыруға рұқсат етіледі.

      Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелері жанындағы білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттауды мерзімінен бұрын тапсыруға, жазасын өтеуден босату туралы мәселе шешілген жағдайда, оқу процесінің кестесіне сәйкес қорытынды аттестаттау басталатын күнге дейін үш айдан ерте емес мерзімде жол беріледі.

      Дәлелді себептермен қорытынды аттестаттауға келмеген білім алушы қорытынды аттестаттау комиссиясы төрағасының атына еркін нысанда өтініш жазады және себебін растайтын құжатты ұсынады.

      Оң шешім алған жағдайда, білім алушы қорытынды аттестаттау комиссиясы отырысының қорытынды аттестаттауды өткізу кестесінде көзделген басқа күні емтихан тапсырады және (немесе) дипломдық жобаны (жұмысты) қорғайды.

      Қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін денсаулық жағдайы туралы ұсынылған құжаттар қаралмайды.

      ҚБТ-ны қолдана отырып, қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде техникалық ақаулықтар туындаған жағдайда, білім алушыға басқа күні және (немесе) басқа уақытта қорытынды аттестаттаудан өту мүмкіндігі беріледі. Бұл жағдайда техникалық хатшы электрондық актіні ресімдейді және актінің көшірмесін комиссияның барлық мүшелеріне жібереді.

      36. Қорытынды аттестаттау комиссиясының отырысы тиісті хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

      Қорытынды емтихандарды тапсыру және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау нәтижелері өткізілген күні жарияланады.

      Қорытынды аттестаттау нәтижелерімен келіспеген білім алушылар апелляцияға өтінішті ол өткізілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

      Ерекше жағдайларда (оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында уәкілетті органның шешімі бойынша ҚБТ-ны пайдалана отырып оқыту кезінде) қорытынды аттестаттауға қатысушылардың іс-әрекеттеріне байланысты емес өзге де мән-жайлар туындаған кезде, Комиссия осы Ереженің 31-тармағына сәйкес, қорытынды аттестаттауды өткізу нысанын өзгерту және қорытынды аттестаттаудың нәтижелерін айқындау жөнінде шешім қабылдайды.

      ҚБТ-ны қолдана отырып, қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде нәтижелерді есепке алу электрондық-цифрлық нысанда жүзеге асырылады. Бұл ретте қорытынды аттестаттау туралы мәліметтерді қағаз тасығышта сақтау міндетті болып табылады.

      37. Оқу пәндері және (немесе) модульдер, курстық жобалар (жұмыстар) бойынша, оқу жоспарларының тәжірибелері бойынша есептердің сынақтар мен емтихандарының кемінде оқу бағдарламаларының кемінде 75 пайызын "жақсы" бағалармен ал қалғандарын – "жақсы" бағаларымен тапсырған және игерген және дипломдық жұмысты (жобаны) және (немесе) емтихандарды "жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушылар, білім беру ұйымының қорытынды аттестациялық комиссиясының шешімі бойынша үздік диплом беріледі.

      Балдық-рейтингтік әріптік жүйені қолдану кезінде білім беру бағдарламасын "А", "А-", "В+", "В", "В-" бағаларымен игерген және тапсырған және оқудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы 3,5-тен төмен емес, сондай-ақ қорытынды аттестаттауды "А", "А-" бағаларымен тапсырған білім алушыларға, оқудың барлық кезеңі ішінде емтихандарды қайта тапсыру болмаған жағдайда, үздік диплом беріледі.

      38. Біліктілік деңгейін көрсете отырып диплом беру туралы шешім пәндер және (немесе) модульдер бойынша қорытынды емтихандар және (немесе) дипломдық жобаларды (жұмыстарды) қорғау нәтижелері негізінде қабылданады.

      39. Комиссияның төрағасы екі апталық мерзімде аттестаттау аяқталысымен аттестаттау қорытындысы туралы есеп дайындайды.

      40. Комиссия төрағасының есебінде: білім алушылардың аталған мамандық (кәсіп) бойынша даярлық деңгейі; білім алушылардың емтиханда анықталған біліміне сипаттама; пәндердің және (немесе) модульдердің жекелеген сұрақтары бойынша білім алушылардың даярлығында кездесетін кемшіліктер; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері (мамандықтары) бойынша білікті кадрлар даярлауды одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар көрсетіледі.

      41. Комиссия төрағасы педагогикалық кеңеске комиссия жұмысының қорытындылары туралы баяндайды.

 

Техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі білім беру
ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгеріміне
ағымдағы бақылауды,
аралық және қорытынды
аттестаттауды өткізудің
үлгі қағидаларына
қосымша

 Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


 



 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Жаңартылған күні: 15.09.2021 15:10
Құрылған күні: 15.09.2021 15:10

Текст