Мектептің оқу - тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі - пән онкүндігін өткізу. Біздің мектебімізде де барлық пәндер бойынша пәндік онкүндіктерін өткізу дәстүрге айналған. Осы орайда, мектебімізде нақты ғылымдар - математика, физика, география және денешынықттыру пәндерінің онкүндігі өткізілді.
Мазмұнды да әрі тартымды өткен онкүндіктің мақсаты - математика, физика, география және денешынықтыру сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды.
Онкүндік барысында мұғалімдер ұйымдастырған барлық іс-шаралар, яғни интеллектуалды сайыстар мен сыныптан тыс іс- шаралар, пікір сайыстары мен ашық сабақтар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілді.
Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты – пәндік онкүндік болып саналады. Қазан айының 3 -14 күндер аралығында мектепте математика, физика, география және денешынықтыру пәндерінен онкүндік өткізілді. Онкүндіктің жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді.
Онкүндіктің мақсаты: математика, физика, география және денешынықтыру сабағында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Онкүндік ағымында келесі сыныптан тыс жұмыстар жүргізілді:
3.10 күні мектеп жиынында окүндіктің ашылуы оқушыларға хабарланды .Математика пән мұғалімі Алеш А . 8 «А» сынып оқушыларымен «Кім алғыр» атты сайыс жүргізді.
География пән мұғалімі Ажыхан Е 9-11 «А» сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты интелектуалды сайыс өткізді.
Дүкенбаева Н.Е. – 6 «А» -сыныптарда «Ғылымға құштар жас өрен» тақырыбында интелектуалды ойын өткізді.
Асылбек А 7 – 11сыныптар арасында «Ғажайып физика» атты сайыс сабақ өткізді.
Сайлаухан Б. 5 – 6 «А,Б»сыныптар арасында асық ойынынан жарыс өткізді.
Хожабай Б . 5 – 11 сыныптармен шахмат ойынын өткізді.
Акишев К, Ажыхан Е, Алеш А, Хожабай Б пән мұғалімдері 8 – 11 сыныптар арасында «Қызық екен» интелектуалды сайыс өткізді. Оқушылар жақсы дайындықпен келіпті, қызықты өтті.
Сабақ үзілістері арасында математика, физика пән мұғалаімдері 9 - 11 сыныптар арасында «Формула әлемі» атты сайыстар жүргізді. Алеш А, Ажыхан Е, Асылбек А 8 – 10 «А,Б» сыныптар арасында «PISA - халықаралық зерттеуі – оқушылыардың функционалдық сауаттылығы» тақырыбында олимпиадалық жарыстар өткізді. Дүкенбаева Н және Акишев А 8 – 9 «Б» сынып оқушыларымен «Лидер математики и физики» тақырыбында интелектуалды сайыс өткізді. Сайлаухан Б мен Хожабай Б 5 – 11 сынып оқушылары арасында «Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар» тақырыбында спорттық сайыс өткізді.
«Білімді ұрпақ- ел болашағы» тақырыбында 5 – 11сыныптар арасында көрме өткізілді.
Іс - шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды.
Сайыстардың жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды. Қорыта келе айтарым, ұстаз- жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді болады, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады.