Олжабай баьыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде өрт қауіпсіздігі мен оның алдын алу шаралары бойынша қашықтықтан ата-аналар жиналысы болды. Әр сынып жетекші өздерінің ата-аналарымен жиналыс өткізіп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс барысында өрт салдарының себептері түсіндірілді. Ақпараттар берілді.
бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы. Өрт уақытымен және кеңістікте көбейетін, жанудан бөлек масса және жылу ауысуын қосатын, ауыр физико-химимялық процесс. Өрт оқиғалары негізінен тұрғын секторда туындап отыр. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Өрттің себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады. Пештің ақаулығы; Отты абайсыз қолдану; Ең бастысы, үйде от жағылып, қыс бойы пайдаланылатын пеш ақаулы болса, онда ол өрттің баспанада орын алуына бірден-бір себепші.
Өрт оқиғаларына басты себепші электр желісі және өрт қауіпсіздік ережелерін бұзуы болып табылады. Электр желісі бұзыла қалған жағдайда, кәсіби біліміңіз болмаса, оны өзіңіз жөндеу - өте қауіпті. Өртке келгенде баланың да шалалығы бар. Қолына сіріңке ұстап ойнаған жасөспірімдердің абайсыздығынан болған өрт оқиғалары аз емес. Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады
Құм — өрттің шағын ошақтарын сөндіру құралдарының ең қапайымы болып табылады. Химиялық көбіктің құндылығы оның төзімділігінде, тұтқырлығында, жеңілдігінде болып табылады, ол жанған затты толығымен тығыз жауады және оған ауа жібермейді. Көмір қышқылды өрт сөндіргіштер химиялықтармен қатар айтарлықтай таралған. Өрт сөндіргішпен жұмыс істеу барысында баллонды көлденең жағдайға бұруға болмайды, өйткені бұл кезде сифонды құбыр арқылы көмір қышқылдың шығуы бұзылады. Су — өртті сөндірудің негізгі құралы.