1. Осы Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін, сондай-ақ "Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру оқуға ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" және "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік қызметті алу үшін баланың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметті көрсету стандартында көрсетілген Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаның сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
Өтінімді қағаз жеткізгіште берген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші баланы қабылдаған кезде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген бірінші үшеуін қабылдау туралы, содан кейін - ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап бірінші болып тіркелгендердің ішінен білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан тыс 1 (бір) үміткерге қабылдау туралы хабарлама жібереді.
Білім беру ұйымы бірінші сыныпқа қабылдау туралы бұйрықты ағымдағы жылғы 25 тамыздан кейін шығарады.
Көрсетілетін қызметті алушы электрондық есептен шығару талонын және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында білім беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды алады.
15. Мамандандырылғанбілімберуұйымдарынаоқуғақабылдауконкурстықнегіздежүргізіледі (бұданәрі-конкурс).
Мамандандырылған білім беру ұйымы өзінің интернет-ресурсында конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде сынып-жинақтарды қалыптастыруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін квотаны орналастырады.
16. Мамандандырылған білім беру ұйымына түсуге үміткерлердің ата-аналарынан/заңды өкілдерінен конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 наурызынан 1 сәуірге дейін жүргізіледі.
17. Мамандандырылған білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен құжаттарды қабылдау үшін жауапты тұлға тағайындалады. Жауапты тұлға конкурсқа қатысуға үміткерлердің электрондық базасын құруға (мамандандырылған білім беру ұйымының атауы, аты-жөні, ЖСН, сыныбы, оқыту тілі, электрондық мекен-жайы, дипломдарының көшірмелері (бар болса) жауапты болады.
18. Конкурсқа қатысу үшін үміткердің ата-анасы/заңды өкілі белгіленген мерзімде мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында тіркеуден өтеді немесе мамандандырылған білім беру ұйымына жауапты тұлғаға келесі құжаттарды ұсынады:
1) баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш;
2) ЖСН (қосымшада) көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3) үміткердің электрондық мекен-жайын көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4) үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;
5) бар болса Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі-"Дарын" орталығы), облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары өткізетін республикалық олимпиадаларға қатысқаны туралы дипломның көшірмесі қоса беріледі.
19. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті белгіленген мерзімнен кеш беру немесе құжаттар топтамасын толық ұсынбау құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз бола алады.
20. Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін 3 сәуірге дейін әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының жауапты тұлғасы конкурсқа қатысу үшін үміткерлердің электрондық базасын "Дарын" орталығына тест материалдарын қалыптастыру үшін тапсырады.
21. "Дарын" орталығы басшысының бұйрығымен үміткерлердің электрондық базасымен жұмыс істеуге жауапты тұлға анықталады.
22. "Дарын" орталығы оқуға қабылдау үшін конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін конкурстық комиссия құрады.
23. Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің өңірлік органдарының, "Дарын" орталығының оқу-әдістемелік кеңесінің, арнайы мониторингтік топтар қызметкерлері, білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдар өкілдері кіреді.
24. Конкурстық комиссияның төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс, бірақ жеті адамнан кем болмауы тиіс.
25. Мамандандырылған білім беру ұйымы "Мың бала" ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын оқушылардың жалпы санының он пайызы мөлшерінде квотаны бекітеді.";
27. Конкурс "Дарын" орталығы белгілеген мерзімде бекітілген кестеге сәйкес 15 – 30 сәуір аралығында өтеді.
28. Конкурстық іріктеуді өткізу кестесі мамандандырылған білім беру ұйымдарының және "Дарын" орталығының интернет-ресурстарында 5 сәуірден бастап 15 сәуірге дейін орналастырылады.
29. Конкурс офф-лайн (тестілеу) режимінде өтеді.
30. Конкурсты өткізу үшін тест материалдарын "Дарын" орталығының қызметкерлері конкурс басталғанға дейін бір күн бұрын мамандандырылған білім беру ұйымдарына қағаз түрінде (пломбаланған) жеткізеді.
31. Конкурс әрбір өңірде жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша "Дарын" орталығы алдын ала айқындайтын мамандандырылған білім беру ұйымының базасында өтеді. Үміткерлер арасында конкурс және қорытынды шығару әрбір мамандандырылған білім беру ұйымы бөлінісінде өткізіледі.
32. Білім алушыларды мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін ғимаратқа, аудиторияға және конкурстық іріктеу алаңына енгізу үшін қолданылатын бейнебақылау және дыбыс жазу жүйесі орнатылады. Мамандандырылған білім беру ұйымы конкурсты өткізу үшін техникалық жабдықтармен жарақтандырылады.
33. 7-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:
- математика және логика - 55 сұрақ;
- оқу сауаттылығы - 10 сұрақ;
- Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.
6-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 60 сұрақтан тұрады:
- математика және логика - 35 сұрақ;
- оқу сауаттылығы - 15 сұрақ;
- Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.
5-сыныпқа түсушілерге арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 40 сұрақтан тұрады:
- математика және логика - 30 сұрақ;
- оқу сауаттылығы - 10 сұрақ.
34. Тапсырмаларды шешуге бөлінген уақыт 7 сыныпта - 120 минут, 6 сыныпта - 90 минут, 5 сыныпта- 60 минут, (тест материалдарын тарату, жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ көрсетілген уақытқа түсіндіру жұмыстары кірмейді).
35. Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл).
36. Нәтижелерді өңдеуді Конкурстық комиссия жауап парақтарын сканерлеу арқылы жүргізеді, нәтижелерді алу "Дарын" орталығының бірыңғай тексеру жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Сұрақ-кітапшасы қарастырылмайды.
37. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді.
38. "Дарын" орталығы, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармалары өткізетін республикалық олимпиадаларға қатысу туралы дипломның облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бірдей балл жинаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау кезінде басымдыққа ие болады.
39. "Білім-инновация лицейді" қоспағанда, мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсушілерге конкурстық іріктеу бір турда (тестілеу) өткізіледі. "Білім-инновация" лицейіне конкурстық іріктеу және қабылдау "Білім-Инновация" халықаралық қоғамдық қоры белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
40. Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға үміткерлерді қабылдау әрбір мамандандырылған білім беру ұйымының бөлінісінде бос орындарға сәйкес баллдардың ең көп санынан басталады.
41. Үміткерлерді конкурстық іріктеудің қорытындылары конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді және "Дарын" орталығының және мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурстарында конкурстық іріктеу өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей орналастырылады.
42. Конкурс қорытындылары бойынша мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы 5 мамырға дейін келесі оқу жылының 1 қыркүйегінде мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық, резервтік тізімге қабылдау туралы бұйрық шығарады.
43. Үміткерлердің резервтік тізімін конкурстық комиссия негізгі бос орындарға кірмеген конкурсқа үміткерлер қатарынан (10 үміткерден артық емес) жиналған балдардың сомасы бойынша кему тәртібімен қалыптастырады және мамандандырылған білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады.
44. Резервтік тізімге енгізілген үміткерлер мамандандырылған білім беру ұйымдарына бос орын болған жағдайда оқу жылының ішінде қабылдана алады. Бос орындардың болуы мамандандырылған білім беру ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
45. 8-11-сыныптарда орын босаған жағдайда мамандандырылған білім беру ұйымы конкурстық іріктеуді дербес жүргізеді, бірақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 217 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығмен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 15681 болып тіркелген) Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық эпидемиологиялықс талаптарға сәйкес бекітілген оқушылар санынан аспайды.
46. Әскери іс, спорттың және өнердің негіздері бойынша дарынды балаларды жетілдіруге бағытталған білім беретін мамандандырылған білім беру ұйымдары, мектеп Жарғысына сәйкес, функционалды кәсіби, психологиялық және физиологиялық мәліметтерді ескере отырып, талапкерлердің екінші турын өткізеді.
47. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2) тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
48. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.