Тамақтану сапасы мониторингісін жүргізу жөніндегі комиссия отырысының
№ 1 хаттамасы
2021 жылғы 28 тамыз
Қатысушылар: Мектеп әкімшілігі. Комиссия мүшелері
Комиссия төрайымы:
Комиссия мүшелер:
2 Сергазы Ж . – ДТЖО
3. Калеев Ж.А . – ШЖО
4. Утегенова З.Т - қамқоршылық кеңестің төрайымы
5. Альмағамбетова Г.А. – мектеп медбикесі
6. Рақыш Қ.Н- мектеп психологі
Күн тәртібінде:
1. Бракераж комисиясының жұмысы туралы жалпы ережелер туралы
Тыңдалды:
Бракераж комиссиясы өз қызметінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №179 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидермиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының (бұдан әрі - қағидалар), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №234 бұйрығымен бекітілген "қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидермиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларының талаптарын, рецептуралар жинағын, технологиялық карталарды және осы Ережені басшылыққа алады.
Сөйлегендер .ДТЖО Сергазы Ж . өз сөзіндеі.Бракеражды комиссияның міндеттері мен құқықтарына тоқталды.
Ата-аналар комитетінің төрайымы Смаглуова А.бракеражды комиссияның жұмыс мен жалпы ережесін ата-аналар жиналысында ескертілді. Ереже түсіндіріліп, комиссия мүшелеімен таныстырылып, міндеттері мен құқықтарын айқындалды.Мектеп медбикесі Альмагамбетова Г.А өз сөзінде Асхананың санитарлық гигиеналық жағдайы талапқа сай болу керектігі ескертілді
Қаулы етілді:
1.Оқушыларының тамақтану сапасын бақылау.
2. Ата-аналарды бракеражды комиссиясының жалпы ережесі негізінде жұмыс істеу.
3.Директор жанындағы отырыстарда тамақтану жөнінде мәліметтерді хабардар етіп отыру.
Төрайым: Назарбекова С.А
Хатшы: Сергазы Ж