«Тәуелсіз ел-Қазақстан» викториналық сұрақтар 07.12.2020
1990 жыл.
1990 жылы қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың егемендігі туралы Декларация қабылдады.
1991 жыл
1991 жылы тамыз айындағы Мәскеуде өткен дүмпуден кейін, Коммунистік партия таратылып, қоғамдық мүлік билікке берілді.
1991 жылы 24 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ағымдағы жағдайды бағалау және Республика егемендігін нығайту шаралары туралы» Қаулы қабылданды.
1991 жылдың 29 тамызындағы Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы болды. Қазақ жерінде 40 жылдан астам уақыт бойы сынақ жүргізілген ядролық қаруға нүкте қойылды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды.
Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады.
Қазақстанда 1991 жылдың тамыз-қазан айларында Президенттің жарлығымен мынадай қайта құрулар болды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет және сот органдары бөлінді. Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Одаққа бағынышты кәсіпорындардың Қазақ КСР үкіметінің қарамағына түбегейлі өтіп, республикада алтын қоры мен Алмас қоры, т.б. құрылды.
Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы – қазақтың тұңғыш ғарышкері 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.
1991 жылы 16 қазанда – Қазақ КСР-інің Президентін сайлау туралы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңы қабылданды.
1991 жылы Жоғарғы Кеңестің таңдауымен президенттің қызмет орны бекітілді. Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда - Қазақ КСР-інің Президентін сайлау өтті. Сайлау нәтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98,78 % дауысын жинаған Н.Ә.Назарбаев Республика Президенті болып сайланды.
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заң қабылданды. Осы заңға сәйкес жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды.
1991 жылы 16 желтоқсан күні - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қазақстанның бұл қабылданған Заңы бұрынғы КСРО елдерінің ішінде ең соңғы заңы болып табылады. Осы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді.
1991 жылы 12 желтоқсан күні - «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды.
16 желтоқсан күні – 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасын еске алу күні. Алматы қаласының халқы бұл күні Республика алаңына шығып, 1986 жылы қаза болғандарды естеріне алады.
1991 жылы 20 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы қабылданды.
1991 жылы 21 желтоқсанында Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамына енген он бір тәуелсіз мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы Алматы Декларациясына қол қойды. Сөйтіп, ТМД-на мемлекеттік тәуелсіздік, тең құқылық және егемендік қағидаттарымен кіру туралы шешім қабылданды.
1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды.
1991 жылы Қазақстан бойынша репрессия құрбандарына тұңғыш рет Ақтөбе қаласында Түйетөбеде ескерткіш қойылған. Осы жерден жаппай ату жазасына ұшыраған жүзге жуық адамның сүйегі табылған, ескерткіштің ашылуында жиылған халықта есеп болмады. Жақындарының сүйегі қайда қалғанын білмей жүрген талай ақтөбелік үшін, жалпы халқымыз үшін елеулі оқиға болды. Бұл ескерткіштің авторы — сәулетші Әбубәкір Әжіғалиев.
«Тәуелсіздік –ел бақыты» кітаптар сиқыры 08.12.2020
«Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім» қабырға газетін шығару
«Тәуелсіздік-тәңірдің сыйы» оқушылар мен ата-аналардан бейнеқұттықтаулар 09.12.2020
«Бес асық» ,«Тоғызқұмалақ», «Шашки» сайыстар
АӘД пәнінен пнематикалықвинтовкадан ату жарысы 10.12.2020
«Тәуелсіздіктің шежіресі» тарихи жылдар бойынша деректі фильм 11.12.2020
«Гүлдене бер,Қазақстан»
суреттер мен бұйымдар жасау сайысы
«Отаным –бақыт мекенім» ән орындау
«Ел аңсаған тәуелсіздік» мәнерлеп оқу 14.12.2020
«Тәуелсіздік –елімнің ерлік жолы» сынып сағаттар
«Тәуелсіз елімнің шамшырақтары» Жасұлан ұйымына қабылдау 15.12.2020
/public/files/2020/12/22/221220_090633_tuelszdk-kn-ghospar.docx